Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі.

  • Home
  • Kazakhstan
  • Taraz
  • Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі.

Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі. Жамбыл ормандарды және жануарлар дуниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Конституция — ел бірлігінің, тәуелсіздігіміздің және егемендігіміздің берік негізі.Ата Заңымыз — әр азаматтың құқығы мен...
02/07/2026

Конституция — ел бірлігінің, тәуелсіздігіміздің және егемендігіміздің берік негізі.
Ата Заңымыз — әр азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі.
Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Орманда өрт қауіпсіздігін сақтайық!Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министірлігі Орман шаруашылығы ...
23/04/2025

Орманда өрт қауіпсіздігін сақтайық!
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министірлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 19 наурыз 2025 жылғы №27-03/61- НҚ «2025 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қаупі бар маусымды белгілеу туралы» бұйрығымен Жамбыл облысында өрт қаупі бар маусымы 2025 жылғы 26 наурыздан бастап белгіленді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы № 18-02/942 бұйрығының 17-тармағына сәйкес, Орман қоры аумағында өрт қауіпті маусымда мыналарға:
1) қылқан жапырақты жас ормандарда, ескі өрт болған жерлерде, зиян шеккен орман учаскелерінде (желсұлама, желопырық), кеспеағаш қалдықтары мен дайындалған сүрегі бар, кептірілген шөптері бар жерлерде, сондай-ақ ағаштардың ұшарбастарында от жағуға, сондай-ақ арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерде мангал, ошақтар орнатуға;
2) жанған сіріңкелерді, темекі қалдықтарын тастауға және темекі шегетін түтіктердің ыстық күлін лақтыруға, рұқсат етілмеген жерлерде ашық отты қолдануға және темекі шегуге;
3) аң аулау кезінде тез немесе бықсып жанатын материалдардан жасалған оқ тығындарын пайдалануға;
4) арнайы қарастырылмаған орындарда жанар-жағармай заттары сіңген сүрту материалын тастап қалдыруға;
5) іштен жанатын қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда отын багына жанармай құюға, оталғышының май шашу жүйесі бұзылған машиналарды пайдалануға, сондай-ақ жанар-жағар май құйылып жатқан машиналардың жанында шылым шегуге немесе ашық отты пайдалануға;
6) фейерверктер мен отшашулардың өзге де түрлерін қолдануға;
7) түтін шығаратын құбырлардың ұшқын сөндіргіштері болмаған кезде техникамен жүруге;
8) орман қоры аумағына орман шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатындарды қоспағанда, көлік құралдарының және басқа да механизмдердің (транзиттік жолдардан басқа) кіруіне;
9) ауа райы жағдайларына байланысты өрт қауіптілігі жоғары және төтенше дәрежеде (төтенше қауіп) болған кезде тұрғындардың орман қоры учаскелеріне баруына;
10) әйнектерді, шыны ыдыстарды (шыны бөтелкелер, банкалар және тағы басқалар) лақтыруға тыйым салынады.
Осыған байланысты, Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыс тұрғындарын 2025 жылғы 26 наурыздан бастап, Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидалары сақтамаған жағдайда мекеме тарапынан шара қолданылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылы туралы кодекісіне сәйкес айыппұлдар салынатынын ескертеміз.

Балық аулауға тыйым салынды Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту ...
15/04/2025

Балық аулауға тыйым салынды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» №593 Заңының 14-бабына сәйкес, «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктерін мен дериваттарын пайдалану шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына сәйкес және Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 2025 жылғы 28 ақпандағы «Уылдырық шашу-2025» балық қорғау акциясын өткізу туралы» №6 бұйрығымен 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынғанын ескертеміз.

Мемлекет басшысының қоршаған ортаны қорғау және экологияны дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысындағы орман ал...
03/04/2025

Мемлекет басшысының қоршаған ортаны қорғау және экологияны дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысындағы орман алқаптарына 2021-2027 жылдары 143,031 млн. дана ағаш отырғызу жоспарланған.

​​​➤ Өңірде мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 4,4 млн. гектарды құрайды.

​​​➤ 2021-2024 жылдары 49,9 мың гектар алқапқа 94,8 млн. дана ағаш егіліп, жоспар толық орындалды.

​​​➤ Биыл 8,9 мың гектар алқапқа 16,1 млн. дана көшет отырғызу көзделіп отыр. Бұл жұмыстарға 181,6 млн. теңге қаралды. Қажетті көшет қоры жеткілікті.

​​​➤ Жыл сайын 240 гектар уақытша тұқымбақтарда қажетті көшет өсіріледі.

​​​➤ Өткен жылы мемлекеттік орман қорындағы 67 мың гектар алқаптың топырағына зерттеу жүргізіліп, орман дақылдарын өсіруге 34,5 мың гектар жердің жарамды екені анықталды.

​​​➤ Соңғы 4 жылда орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникасын нығайту мақсатында 970,0 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға ормандарды молықтыру, күзету мен қорғауға қажетті техникалар мен агрегаттар сатып алынды.

​​​➤ Қазіргі таңда 1,8 млрд. теңгеге 60 бірлік өрт сөндіру техникасын сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

​​​➤ Орман шаруашылықтары елді мекендерді көгалдандыруды қамтамасыз ету үшін 763,8 мыңнан аса көшет өсіріп жатыр.

Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 03 наурыздағы №9-Ө"2025 жылы...
02/04/2025

Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 03 наурыздағы №9-Ө"2025 жылы Жамбыл облысы бойынша Басшылық лауазым атқармайтын мемлекеттік орман күзеті, орман өрт сөндіру станциясы мен әуе-өрт сөндіру қызметінің қызметкерлеріне оқытуды жүргізу тәртібінің кейбір мәселелер туралы" бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 02 сәуір күні Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің қызметкерлері тесттілеуден өтіп, дене шынықтыру дайындығын тапсырды.

2025 жылдың Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бекіткен жоспарына ...
18/03/2025

2025 жылдың Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бекіткен жоспарына сәйкес «Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ-сінің сексеуіл көшеттерін отырғызуға 13 наурыз күнінен бастап қазу жұмыстары басталды

"Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" КММ-нің қызметкерлері "Таза Қазақстан" акциясы аяс...
14/02/2025

"Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" КММ-нің қызметкерлері "Таза Қазақстан" акциясы аясында 11.02.2025 ж. мекеменің ауласында және іргелес аумақтарда сенбілік өткізді

05.02.2025 жылы Жамбыл ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Н.Н.Кудербай Жамбыл ормандарды және жануарлар д...
05/02/2025

05.02.2025 жылы Жамбыл ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Н.Н.Кудербай Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемемі КММ-нің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Жиында жадынама қағаздары қол қою арқылы таратылды.

Жамбыл КММ-нің аңшылықтанушы мен орманшы-қорықшылары ағымдағы жылдың 006-бағдарламасымен бекітілген биотехникалық іс-шар...
27/01/2025

Жамбыл КММ-нің аңшылықтанушы мен орманшы-қорықшылары ағымдағы жылдың 006-бағдарламасымен бекітілген биотехникалық іс-шара жұмыстарын жүргізді

21/01/2025

Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мемлекет Басшысының жолдауымен орта мектеп оқушыларының қатысуымен"Таза Қазақстан" экологиялық акциясын өткізді. Таза Қазақстан - Жарқын Болашақ!

Address

Лесхозная 2А
Taraz
080000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі. posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share